
Қалыптастыру конференциясы
2023-01-25 | Жаңалықтар
25.01.2023 жылы күн тәртібінде “Ауыл шаруашылығы және биоресурстар” кафедрасында, 6В08301 -Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 6В08101 “Агрономия” мамандықтарының білім алушыларына оқытушылары Мухаметжанова О.Т және Камзина Г.О, Байгазакова Ж.М. қатысуымен өндірістік ІІІ іс-тәжірибесі бойынша қалыптастыру конференциясы өткізілді. Аталған конференцияда білім алушыларға ең бірінші қауіпсіздік ережелері таныстырылып, теория жүзінде алған білімдерін тәжірибе жүзінде орындаулары ескертілді. Сонымен қатар өндірістік іс-тәжірибе жетекшісі аға оқытушы Джаманова Г.И методикалық нұсқаулық бойынша күнделікті атқарылатын жұмыс қортындылары мен есепті уақытылы дұрыс толтырылуына түсінік берді.