Таза орта – жарқын болашақ кепілі!
2025-10-18 | Жаңалықтар
Бүгін Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары сенбілікке белсене қатысты. Табиғатты қорғау, тазалық сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, алаңды таза қалыпқа келтірді.