news

МЕДИАМӘДЕНИЕТ – УНИВЕРСИТЕТ ИМИДЖІНІҢ КІЛТІ!

2025-10-18 | Жаңалықтар

Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің «Ауыл шаруашылығы» кафедрасында студенттердің медиа сауаттылығын арттыру және университеттің қоғамдық имиджін қалыптастыру мақсатында кураторлық сағат өтті. 

Іс-шара барысында студенттерге медиамәдениеттің рөлі, әлеуметтік желілердегі этикалық нормалар мен жауапкершілік, сондай-ақ заманауи коммуникация құралдары арқылы университеттің оң бейнесін насихаттау жолдары түсіндірілді. 

Кураторлық сағат жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ақпараттық кеңістікте сауатты әрекет етуге және университет құндылықтарын кеңінен танытуға бағытталды.

Шәкәрім университетінің студенттері — заманауи қоғамның белсенді, шығармашыл және жауапты тұлғалары!

Бөлісу